Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты
16.09.2023 10:48
Фото:
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Елордада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұқаралық іс-шараның негізгі мақсаты - қаламыздағы тазалықты сақтау проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отыр.
Бас прокуратура қызметкерлері бұл ретте шетте қалмай, Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы (Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейін) учаскені тазартуға өз үлестерін қосты.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, прокурорлар азаматтарды тазалық шараларын жиі өткізуге шақырады, өйткені бұл біздің экологиямызды жақсартуға үлес қоспақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

