Жаңалықтар

Прокурорлар 37 жер телімі мен «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекетке қайтарды

Прокурорлар 37 жер телімі мен «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекетке қайтарды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.07.2024 10:46 480

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Негізгі міндеттері - заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау.

Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға