Жаңалықтар

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға соттауды сұрады

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға соттауды сұрады
Фото: Видеодан кадр 22.08.2024 18:05 540

Прокурор Алмаз Байбарақов бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деп айыпталып жатқан Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ал оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты 10 жылға соттауды сұрады.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің «Бас бостандығынан заңсыз айыру», «Бопсалау» және «Өзінше билік ету» секілді үш бабы бойынша айыпталып жатыр.

Ал Батыршаев «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бабы бойынша айыпталуда.

Естеріңізде болса, Гүлмира Сатыбалды екі мерзімге кесілді. Бір жыл бұрын Қызылорда соты оны бөтеннің мүлкін заңсыз иемденіп алғаны үшін айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырған.

Ал 2023 жылғы мамырда Астана аудандық соты оны адам ұрлады және өзінше билік құрды деп айыптап, жеті жыл тағайындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға