Жаңалықтар

Прокуратура Ұлытау облысындағы 11 әкімге қатысты іс қозғады

Прокуратура Ұлытау облысындағы 11 әкімге қатысты іс қозғады
Фото: © El.kz 31.10.2024 04:29 316

Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманы қолдану мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, талдау қорытындылары бойынша I жәнеII санаттағы 66 оператордың өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептерді ұсынбауының 125 фактісі анықталды (Экология кодексінің 184-бабының талаптарын бұза отырып).

Олардың қатарында жер қойнауынпайдаланушылар, коммуналдық кәсіпорындар, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына тиесілі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары және т.б. Бұл, өз кезегінде, уәкілетті органға өңірдегі экологиялық жағдайды объективті бағалауға мүмкіндік бермеуде, - делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша прокуратура Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 11 ауылдық округ әкімдеріне қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылықтуралы іс қозғады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 327-1 – бабы, бұдан әрі – ӘҚБтК).

Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша Экология департаменті қалған табиғат пайдаланушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдауда.

Бұдан басқа, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзғаны үшін (прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қолданбау) Ұлытау облысының Экология департаментінің, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшылары ӘҚБтК-нің 664, 665, 666-баптары бойынша жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда кінәлі тұлғаларға салынған жалпы сомасы 4,6 млн теңге айыппұл толық өндірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға