Жаңалықтар

Прокуратура сайлау процесі заңдылығының сақталуын қатаң бақылауда ұстайды

Бұл туралы онлайн марафонда өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі ұйымдастыру – бақылау басқармасының бастығы Азамат Саргазин есеп берді
Прокуратура сайлау процесі заңдылығының сақталуын қатаң бақылауда ұстайды
Фото: qazaqstan.tv 20.11.2022 15:41 1381

10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде 20 мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы республикалық көлемде тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр, деп хабаралайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау науқаны басталмас бұрын, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық шараларын қарастырылған. Жедел-тергеу топтары кез келген жағдайға дайын. Органдар жіті бақылау жүргізіп, ел тыныштығын күзетуде.  Дауыс беру аяқталғаннан кейінде патрульдік қызметкерлер қоғамдық орындарды барлайтын болады.

«Дауыс беру күні тыныш жағдайда өтіп жатыр. Қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер тіркелмеген. Дегенмен әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарап жатыр. Алғашқы факт Қарағанды қаласынан келіп түсті. Алайда тексеру барысында тәртіп бұзушылық болмады. Жалған ақпарат таратқандар үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 бабы бойынша, қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз. Прокуратура органдары сайлау процесі заңдылығының сақталуын қатаң бақылауда ұстайтын болады», – дейді, ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі ұйымдастыру – бақылау басқармасының бастығы Азамат Саргазин.

14 мыңға жуық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың орын алмауын қадағалап отыр. Жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералар арқылы көше мен сайлау орындарын бақылау жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға