Жаңалықтар

Прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар орын алды

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды
Прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар орын алды
Фото: alau.kz 07.11.2022 14:41 3934

Прокуратура органдарында бірқатар тағайындаулар орын алды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды.

Бас Прокурордың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры болып 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Исламханұлы Сексембаев тағайындалды.

Марат Исламханұлы 1979 жылы дүниеге келген. Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасынан бастаған. Прокуратура, әділет, қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы, Қарағанды облысының прокуроры болып қызмет атқарған.

2021 жылдың маусым айынан бастап Бас Прокурордың Аппаратын басқарған.

Бас Прокурордың бұйрығымен Бас прокуратурада жаңадан құрылған Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына әділет аға кеңесшісі Артур Ермекұлы Ластаев тағайындалды.

Артур Ермекұлы 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Қызметін 2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Бас прокуратурада бес жылдан астам жұмыс істеген, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлімін басқарған.

2016 жылғы қаңтардан бастап Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі болған.

2018 жылдың шілдесінен бастап Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға