Жаңалықтар

Прокуратура мектеп асханасындағы жаппай улануға қатысты пікір білдірді

Прокуратура мектеп асханасындағы жаппай улануға қатысты пікір білдірді
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі 08.11.2023 17:32 816

Жамбыл облысы Байзақ ауданында мектеп асханасынан ас ішкен 48 адам уланып, ауруханаға түскен. Аталған жағдайға байланысты облыстық прокуратура қылмыстық істің тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл факт Байзақ ауданының ББ-да ҚК-нің 304-бабының 1-бөлігі (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша СДБ-да тіркелген, іс бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.

Облыс әкімдігі арнайы комиссия құрылып, мектеп толығымен оқшауланғанын мәлімдеді. Онда бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ал мектепте тамақтануға жауапты "Токсеитов" ЖК жұмысы толығымен тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға