Прокуратура инклюзивті білім беру жүйесінде негізсіз төлемдерді анықтады
Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында инклюзивті оқыту мәселесі бойынша Білім басқармасында тексеріс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талдау барысында ерекше білім беруді қажет ететін 55 баланы оқытуға жауапты мұғалімдерге стационарлық емделу кезінде іс жүзінде көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін негізсіз төлемақы тағайындалғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет бюджетінен негізсіз жұмсалған 4,5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысының прокуратурасымен жұмыс жалғастырылуда және инклюзивтіоқыту стандарттарын сақтау мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану әр балаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін еске салады.