Алматы қаласының прокуратурасы

Прокуратура араласуынан кейін департамент ғимаратының бір бөлігі қайтарылды

05.09.2025 03:30

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы ауданы 486 м² болатын Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігін заңсыз жекешелендірілгенін анықтаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ғимарат 2006 жылы төмендетілген бағамен «БибиДана» ЖШС-не сатылып, ол өз кезегінде мүлікті «Саяхат» әуе компаниясы» АҚ-на өтеусіз тапсырған. Сот шешімімен прокуратураның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылып, шешім заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қайтарылған ғимаратқа бағалау жүргізуде.