Жаңалықтар

Прокуратура «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр

Прокуратура «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр
Фото: t.me/qr_tjm 01.12.2023 20:51 830

Арнайы прокурорлар «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
«Алматы Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылуда. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А.  прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауына алынған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға