Жаңалықтар

Президенттің бұрынғы жолдауларындағы тапсырмалар жүзеге асты ма?

Президенттің бұрынғы жолдауларындағы тапсырмалар жүзеге асты ма?
Фото: facebook.com/talgat.kaliyev 01.09.2023 12:10 1003

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір жыл бұрын халқына жариялаған жолдауындағы тапсырмалар толығымен орындалды ма? Бұл қойылған сауалға саясаттанушы Талғат Қалиев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тапсырмалардың кейбіреуі орындалса, кейбіреуі орындалмаған шығар. Себебі оның барлығы дәл бүгін нәтижесін көрсететін мәселелер емес. Мысалы, бүгін белгілі бір шешім қабылданса, оның нәтижесі 2-3 жылдан кейін ғана көрінеді, - деді саясаттанушы.

Сондай-ақ Талғат Қалиев жолдаудағы тапсырмаларды Үкімет орындауға міндетті екенін атап өтті.

Президенттің тапсырмасын орындамай қоюға болмайды. Оны іске асыра алмағандар қатаң сөгіс алады немесе орнынан босатылады. Оған қатысты өзіндік талаптар бар. Сондықтан әркімнің атқаруы тиіс міндеті алдын ала белгіленіп қойылған, - деді ол.

Оған қоса саясаткер Үкіметтің тарауына қатысты ешқандай болжам жасай алмайтынын айтты.

Үкіметтің тарауына қатысты өзінің әртүрлі ережелері бар. Егер де президент, Парламент жаңадан сайланатын болса, Үкімет сол кезде тарайды немесе олар өз еркімен кете алады. Сол себепті Үкіметтің тарауына түрткі болатындай себепті әзірге байқаған жоқпын, - деді Талғат Қалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға