Жаңалықтар

Президенттікке тағы бір әйел кандидат ұсынылды

Бұл - қоғам қайраткері және құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова
Президенттікке тағы бір әйел кандидат ұсынылды
Фото: el.kz 11.10.2022 11:36 1429

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ президенттікке өз кандидатын ұсынды, деп хабарлайды El.kz

Салтанат Тұрсынбекова - қоғам қайраткері, құқық қорғаушы,ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

«Бәріміз Әділетті Қазақстан құрамыз деп атсалысып жатырмыз. Арасында саяси құқықты өзіміз қолдануымыз қажет деп есептеймін. Осы сайлауға тек формальдық жүйемен келіп отырған жоқпын. Оның маңыздылығы мен жауапкершілігін сезіне отырып, қатысайын деген шешімге келдім. Бүгін сайлау туралы заңның талаптарына сай алғашқы қадамым болып отыр. Бізде сайлауалды тұғырнама бар, экономика, өнеркәсіп, халықаралық қатынастар, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында да міндеттер бар. Бұл үлкен сұрақтар шеңбері. Бірақ менің ойымша, біздің сайлауалды бағдарламамызға әлі де толықтырулар енгізетін боламыз», - деді Салтанат Тұрсынбекова.

Осылайша, бүгінгі таңда екі әйел ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде ұсынылды. Бұған дейін Қарақат Әбден «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға