Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев сайлауалды жоспарымен бөлісті

Оның ішінде мемлекеттегі аңшылық қауіпсіздігіндегі мәселені шешу, ауылдың инфрақұрылмын жөндеу жұмыстарын қолға алу керек деп есептеймін
Жигули Дайрабаев сайлауалды жоспарымен бөлісті
Фото: baq.kz 30.09.2022 17:54 1415

Елімізде 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына үміткер «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығы саласына басым бағыт беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

«Мен ауыл шаруашылығымен айналысатын азамат ретінде, осы салаға басым бағыт беретін боламын. Оның ішінде аңшылық қауіпсіздікгі мәселесін шешу, ауылдың инфрақұрылмын жөндеу жұмыстарын қолға алу керек деп есептеймін», - деді ол.

Сондай-ақ «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президентінің айтуынша, олар ауыл шаруашылығына ғана емес қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуды да басты мақсат ретінде айқындап отыр.

«Біздің негізгі мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың бай-қуатты, жақсы өмір сүруіне жағдай жасау. Бұл біздің басты бағыт-бағдарымыз болмақ», - деді ол.

Президенттікке үміткер болған Жигули Дайрабаев сайлауалды платформаны әзірлейміз деп отыр.

«Алдағы уақытта өзіміздің негізгі бағыт-бағдарымыздың платформасын дайындаймыз. Мен «Ауыл» партиясының саяси кеңес мүшелерімен ақылдасатын боламын. Сондықтан біздің алдымызда атқарылатын жұмыстар көп», - деді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға