Жаңалықтар

Президенттікке үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылды

20 қарашада өтетін сайлауға әйел-кандидат үміткер ретінде ұсынылды
Президенттікке үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылды
Фото: instagram.com/abdenkaraka 07.10.2022 20:38 2861

Бүгін «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан президенттік сайлауға кандитат ұсынылды, деп хабарлайды El.kz.

Жиын барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ алдыға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу сондай-ақ азаматтардың проблемаларын ұлттық деңгейде көтеру және мүдделерін қорғау үшін қараша айында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде Қарақат Абден Жақсылыққызын ұсынды.

Қарақат Абден – 4 баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері. Сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Ол 1974 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде салық комитетінің орталық аппаратында, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс жасаған. Балалар үйі мен балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметін атқарумен қатар, балалар үйінің 15 тәрбиеленушісіне тәлімгер болды.

Ұлттық әлеуметтік қызметкер альянысының мүшесі Берік Төребеков, президенттікке ұсынылған кандитаттың мемлекеттік қызметте біраз жұмыс атқарып, жетістіктерге жеткендігін айтып өтті.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі бар, Астана қалалық мәслихатының VI шақырылымының депутаты болған. Бұдан бөлек, мемлекеттік басқару академиясында да жұмыс жасады. Қоғам қайраткері, өзі әлеуметтік қызметке тікелей атсалысады. Тәрбиеленушілері бар. Сондықтан да, лайықты деп ұсынып отырмыз», - деді Берік Төребеков.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға