Жаңалықтар

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің штабы сайлауға дайын

Штабта 10-ға жуық адам бар
Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің штабы сайлауға дайын
21.10.2022 19:44 1687

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің 20 өңірде сайлау науқанын өткізу бойынша штабтары құрылды, деп хабарлайды El.kz

"Бүгін бізде бірінші отырыс болып, атқарылуға тиісті тапсырмалар легі берілді. Жалпы, сайлау науқанын ұйымдастыру талқыланды. Іс-шаралар жоспары, желілік кесте әзірленді. Сондай-ақ, барлық өңірлерде халықпен кездесулер өткізу бойынша жұмыстар жоспарлануда. Жалпы, барлық дайындық жүргізілді. Штабта 10-ға жуық адам бар. Олардың әрқайсысының өз функциялары, өз бағыттары бар. Штаб толығымен дайын", - деп атап өтті Қарақат Әбденнің республикалық штаб басшысының орынбасары Берік Туребеков.

Еске сала кетейік, кандидат "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" атынан ұсынылды. Оны қолдау үшін 121 314 қол жиналып, 120 158-і тексеріліп, 118 418 қол жарамды деп танылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға