Жаңалықтар

Президенттікке екінші үміткер ұсынылды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахимжанов Президенттікке лайықты үміткерлердің бар екенін атап өтті
Президенттікке екінші үміткер ұсынылды
Фото: 24.kz 01.10.2022 11:44 1881

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс XIX съезі өтті, деп хабарлайды El.kz

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде  партияның Саяси кеңес отырысы өткен болатын. Отырыста қабылданған шешімге орай Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп, үміткерлер қатары ұсынылды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов Президенттікке лайықты үміткерлердің бар екенін атап өтті.

«Соңғы 2 жылда біраз өзгерістер болды. Соған сәйкес сайлау міндетті түрде заң нормасына сәйкес өтуі керек. Біздің Қазақстан мен мемлекетіміздің халқына берер ұсыныстарымыз көп. Үміткерлер арасынан лайықты кандидатты таңдайтын боламыз», - деді ол.

 Орталық аппаратының басшысы Талғат Омаров үміткерлердің есімін атады.

«Партия ретінде бірінші рет сайлауға қатысатын болдық. Президенттікке үміткерлер ЖСДП мүшелері 3 адам, олар: Мустахим Түлеев, Нұрлан Әуесбаев, Сәбден Оразалы. Партияның мүшесіне жатпайтын үміткерлер: Уәлихан Қайсаров, Жасарал Қуанышалин», - деді ол.

Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Ажар Сағындықова Нұрлан Әуесбаевты қолдауға шақырды.

«Бізге партиямыздың атынан шығатын лайық кандидат қажет. Нұрлан Әуесбаевты қолдаймын. Әлеуметтік желіде сайлауға қатысуға шақырған бірден-бір адам. Жасарал Қуанышалинге дауыс бермей, өзіміздің партиямыздың мүшелеріне дауыс беруге шақырамын», - деді.

Заңгер Абыкамал Ашымбеков партияның 2 бағытта жұмыс істейтінін атап өтті.

«Барлық партияны саралап қарағанда оларда есеп бар сияқиы көрінеді. Біз 2 бағытта: мемлекеттің мүддесі мен халық үшін жұмыс жасаймыз. Сондықтан да халықтың бізбен бірге болатыны анық. Нұрлан Әуесбаевты қолдаймын және сіздерді де соған шақырамын», - деді заңгер.

Отырыста дауыс беру нәтижесіне сәйкес, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы астаналық филиалының жетекшісі Нұрлан Әуесбаев Президенттікке үміткер болып қатысатын болды.

ЖСДП астаналық филиалының жетекшісі Нұрлан Әуесбаев өзін үміткер ретінде таңдағандарға алғысын білдірді.

«Сайлауға қатысамыз ба, қатыспаймыз ба деген сантүрлі пікір болды. Бірақ сайлауға түсуге шешім қабылдадық. Біз елді жайлап алған жемқорлыққа қарсымыз. Сіздердің маған артқан сенімдеріңізді ақтауға уәде беремін. Біздің ісіміз - бірлікте! Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алға», - деді үміткер.

Айта кетейік, съезге 49 делагат қатысқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға