Жаңалықтар

Президенттік сайлау: Түркияда дауыс бергендер саны 88 пайыздан асты

Президенттік сайлау: Түркияда дауыс бергендер саны 88 пайыздан асты
Фото: REUTERS/Yves Herman 15.05.2023 11:14 931

Түркияда президент және парламент сайлауында халықтың дауыс беру көрсеткіші 88%-дан асты, шетелдік учаскелерде бұл көрсеткіш 73%-дан асқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

TRT телеарнасы жариялаған деректерге сәйкес, елдегі учаскелерге келу 88,19%, шетелдегі учаскелерде 73%-ды құраған. Ал шекара өткелдеріндегі учаскелерде шамамен 45,5%-ға тең.

Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтті.

Президенттік сайлауға төрт үміткер қатысты. Олар: елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған, «Халық Альянсы» оппозициялық партиясынан Кемал Кылычдароглу, Аta альянсынан Синан Оган және Memleket партиясының жетекшісі Мухаррем Инге. Соңғы үміткер сайлаудан үш күн бұрын өзінің кандидатурасын алып тастайтынын айтқанымен, оның есімі бюллетеньде қалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға