Жаңалықтар

Сенат депутаты кезектен тыс Президент сайлауына қатысты пікір білдірді

Әділетті Қазақстанның аясында соңғы заңның өзгерістері демократиялыққа әкелу үшін жасалып жатыр деп ойлаймын.
Сенат депутаты кезектен тыс Президент сайлауына қатысты пікір білдірді
Фото: azh.kz 08.09.2022 15:02 981

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында күзде кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұған қатысты Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«Өз басым, мемлекеттің азаматы ретінде Президенттің сайлауға қатысты айтқан ұсынысын қолдаймын. Конституцияға өзгеріс енгізіп, Президент мандатының мерзімін 7 жылға ауыстыру дұрыс шешім болды деп есептеймін. Қазіргі Мемлекет басшысы ғана емес, келешекте орнына отыратын Президент те 7 жыл ішінде бір рет сайланғаны дұрыс. Себебі әрбір мемлекеттің басшысы 7 жыл аралығында өзінің алдына қойған мақсатын орындап, идеяларын енгізе алады», – деді Ғұмар Дүйсембаев.

Айтуынша, заңға жаңадан енгізіліп жатқан өзгерістер демократиялыққа әкеледі.

«Әділетті Қазақстанның аясында соңғы заңның өзгерістері демократиялыққа әкелу үшін жасалып жатыр деп ойлаймын. Диктатурадан кету мәселесі шешіліп жатқан кезде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы шығып, барлығын ашық түрде жеткізгенімен келісемін. Мемлекет басшысы көптеген өзгерістер ел үшін жасалып жатыр деп айқан болатын. Халқымыз мұның барлығын дұрыс бағалап, қолдап келе жатыр. Мұны өткен референдумда берген 70% дауысынан да байқауға болады», – деді ол.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға