Жаңалықтар

Президенттің мақаласы көкшетаулық қолөнер шеберіне тарихи тақырыпқа көрме ұйымдастыруына негіз болды

Президенттің мақаласы көкшетаулық қолөнер шеберіне тарихи тақырыпқа көрме ұйымдастыруына негіз болды
23.11.2018 04:27 2893

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы көкшетаулық қолөнер шеберінің «Ою мен ой» атты тарихи тақырыпқа көрме ұйымдастыруына негіз болды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өз тарихымызбен бұрынғыдан да артық мақтануға мүмкіндік береді. Себебі қазақ ұлтының біздің буын біле бермейтін ұлы істерге толы бай шежіресі. Ендігі кезекте, ел тарихын жақсырақ білу арқылы жарқын болашаққа қадам басатынымызға сенімдімін.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», одан кейінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары, мені Достық үйінде шығармашылық көрме ұйымдастыруыма негіз болды», – деді Ақмола ҚХА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Үкіжан Ементаева.

Сонымен қатар Достық үйінде ұйымдастырылған келесі бір – «Алтын күз - 2018» көрмесіне қойылған туындыларын автор «Туған жер» жобасымен байланыстырып, киелі Көкшетау жерінің табиғи байлығын, емдік қасиеті бар өсімдіктерін бейнелеуге тырысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға