Ақорда

Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар кестесі

27.06.2022 09:39

Ақорда осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін ұсынды деп хабарлайды,- El.kz сайты AkordaPress-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;

29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;

30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.