Жаңалықтар

Президентке Қонаевта академиялық қалашық салу туралы есеп берілді

Президентке Қонаевта академиялық қалашық салу туралы есеп берілді
Фото: Ақорда 02.03.2023 17:31 1286

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президентке Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмыстары басталғаны туралы есеп берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр халықаралық университеттердің үш өкілдігі ашылғаны және биыл бес жаңа филиал ашылатыны жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, министр 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжатта аталған саланы дамытудың барлық стратегиялық міндеті мен көрсеткіші қамтылған.

Мемлекет басшысына ғылыми қызметкерлердің жалақысы 2 есе өскені және іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру мәселесі жөнінде баяндалды. Алдағы 3 жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады.

Министрлік студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіруді және студенттер жатақханаларында 7 жыл бойы жыл сайын жаңадан 10 000 орын ашуды жоспарлап отыр.

Президентке Қонаевта академиялық қалашық салу туралы есеп берілді



Саясат Нұрбектің айтуынша, 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырудың және университет инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажеттігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға