Жаңалықтар

Президент келесі құрылтайды Түркістанда өткізуді ұсынды

Президент келесі құрылтайды Түркістанда өткізуді ұсынды
16.06.2022 18:11 2209

«Келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынамын. Құрылтайдың әр аймақта өту сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады». Бұл пікірді мемлекет басышысы Ұлттық құрылтайдың соңғы сәтінде айтты, - деп хабарлайды El.kz.

«Ұлттық құрылтай туралы бастаманы қолдағандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Біз бүгін құрылтай жұмысының негізгі бағдарын айқындадық. Бұл құрылым демократия құндылықтарын орнықтыруға зор үлес қосары сөзсіз. Құрылтай жұмысы мұнымен шектеліп қалмайды. Біз жыл сайын тұрақты түрде кездесіп тұрамыз»,- деді президент.

Мемлекет басшысы қазақ даласында ел тағдыры шешілген тарихи орындар аз емесекенін айтты.

– Ұлытаудан бөлек, Ордабасы, Мәртөбе, Күлтөбе сияқты қастерлі жерлеріміз бар. Мен келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынамын. Құрылтайдың әр аймақта өту сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады,- деді Қ.Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға