Жаңалықтар

Президент еліміздегі орыс тіліне қатысты ахуалға пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында еліміздегі орыс тіліне қатысты ахуалға орай пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz
Президент еліміздегі орыс тіліне қатысты ахуалға пікір білдірді
Фото: Ақорда 15.06.2022 15:45 1586

«Қазақстанда орыс тілінің позициясы кеміді, тарылып бара жатыр, тіпті кеміс тілге айналды деп жүргендер - шындықтан өте алшақ. Мұндай пайымның барлығы белгілі бір жағдайды саясиландыру мақсатында жәдігөйленуден. Мұны неліктен жасайды – сұрақ басқада. Негізінде оның жауабын білемін. Бірақ, қазіргі сұхбатымыздың тақырыбы емес. Толықтай алғанда, Қазақстанда орыс тілінің позициясы қандай да бір нашарлауға ұшыраған жоқ. Оған сенімдімін. Сабақ орыс тілінде өтетін мектептердің санына қатысты айтар болсам, олар бұрынғы көлемде қалды. Басқа мәселе және бұл шындық – ол қазақ тілінде білім алуға деген сұраныстың артып келе жатқанында», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, қазақ тіліне деген сұраныстың артып келе жатқанын да ескерген жөн.

«Түптеп келгенде, мемлекетіміздің атауының өзінде «қазақ» сөзі бар. Яғни, біз қазақ тілін үйренгісі келетін, баласын қазақ мектебі мен балабақшаға бергісі келетін адамдардың мүддесін қамтамасыз етуге тиіспіз. Орыс тілінсіз қазақтарға өте қиын болатындығына қатысты нақты түсінігіміз бар. Географиялық тұрғыда. Бұған дейін де бізде әлемдегі ең ұзын шекарамыз бар екендігін айтқанмын. Біз Құдай қосқан көршіміз және қазақтарға орыс тілін жақсы білу керек. Бірақ, сонымен қатар өзінің ана тілін де білуі тиіс», - деді Президент.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға