Жаңалықтар

Президент Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған
Президент Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына  барды
Фото: Ақорда 20.07.2022 17:00 2304

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына келді, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды. Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға