Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21.03.2023 15:00
1040
Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

Алдыңғы жаңалық
Бір күнде 70 адамнан коронавирус анықталды
Келесі жаңалық
Елордада «Astana Bike» велопрокат маусымы басталды