Президент «Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалімен наградталады. Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қағидаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградталсын.
4. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
