Жаңалықтар

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда 16.07.2024 12:00 1846

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Сүлейменов президентке Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады.

Ұлттық банк төрағасы жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты. Сонымен қатар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды.

Бұдан бөлек, Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға