Президент: «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек
03.11.2023 13:41
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері — Түркі мемлекеттері ұйымы. Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету — ортақ мұрат. Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі, — деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отырғанын баса айтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

