ТРК режиссері Серік Ибраимнің деректі фильмі Бүкілресейлік «Белая птица» фестивалінің «Үздік балалар деректі фильмі» номинациясы бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Фильм балалардың бос уақытын ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық және білім беру іс-шараларына, балалар үйірмелеріне қатысуы мәселелеріне арналған. Балалар өздерінің жетістіктері, әсерлері туралы әңгімелейді, сонымен қатар болашақ жоспарларымен бөліседі.
Бүкілресейлік фестиваль Қазан қаласында 5 және 6 қаңтарда өтті. 300-ден астам қатысушы өз жұмыстарын ұсынса, олардың 54-і финалға шықты