Жаңалықтар

Президент Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды

Президент Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды
Фото: Akorda.kz 19.11.2024 21:08 80

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Сербия – әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел. Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.

Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған.

Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Белградқа ресми сапары аясында Сербия Президенті Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға