Жаңалықтар

Президент Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Президент Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады
Фото: Ақорда 09.11.2022 11:03 1335

Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды El.kz.

«Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады», - деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға