Жаңалықтар

Президент Родина ауылын аралады

Президент Родина ауылын аралады
Фото: Ақорда 16.08.2024 14:06 583

Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары Целиноград ауданындағы Родина ауылында жалғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы Мәдениет үйін аралады.

Жалпы ауданы 1563 шаршы метрді құрайтын нысанда хореграфия және спорт залдары, дыбыс жазу студиясы мен үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Мәдениет мекемесінің жанынан түрлі шығармашылық ұжымдар құрылған.

Сонымен қатар бірнеше спорт үйірмесі жұмыс істейді. Оларға 400-ден астам ауыл тұрғыны қатысады.

Президентке «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің ауылда іске асырып жатқан әлеуметтік жобаларын таныстырды. Былтыр бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания Родина ауылының игілігіне 791 миллион теңге қаржы бөлген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға