Жаңалықтар

Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады
Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді
Фото: @aqorda_resmi 15.01.2023 17:20 1268

Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға