Ақорда

Президент «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды

02.11.2022 17:52 1187

Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында рақымшылық жасау туралы айтқан болатын.

«Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», - деді Президент.