Президент Қазақстанның Грузиядағы елшісін қабылдады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
12.12.2022 17:33
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.


