Жаңалықтар

Президент Қазақстанның Ақпараттық доктринасын бекітті

Президент Қазақстанның Ақпараттық доктринасын бекітті
Фото: Ақорда 20.03.2023 18:13 1134

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақпараттық доктрина отандық ақпараттық саланы дамыту көзқарастарының, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қағидаттары мен тетіктерінің жүйесін білдіреді. Доктрина  халықтың мүддесіне сай келетін, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық бағдарларды да айқындайтын болады, - делінген Ақпараттық доктринада.

Доктринаның мақсаты – ақпараттық кеңістікті қорғау, отандық медианы қолдау және ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. Сонымен бірге азаматтық бірегейлікті нығайтуда, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін ақпараттық саясатты жүзеге асыруда бұл құжаттың мәні мен маңызы зор.

Доктринаның бірнеше бағыты бар. Олар:
• отандық ақпараттық өнімнің және жалпы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
• ақпараттық кеңістіктің негізгі бағыттарында ұлттық құндылықтардың үстемдігін қамтамасыз ету;
• халықаралық деңгейде сапалы ақпараттық қатысуды арттыру;
• саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға