Жаңалықтар

Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 15.04.2023 09:22 1372

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Құрметті отандастар! Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам. Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келеді. Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді. Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз. Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! – делінген құттықтауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға