Жаңалықтар

Президент: Қазақстан гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерді орындап келеді

Президент: Қазақстан гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерді орындап келеді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 06.03.2024 11:39 726

Мемлекет басшысы форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерін 25 жылдық мерейтойымен құттықтадыі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерейтойлық датаға арналған Қазақстан әйелдері форумына Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде ұлттық комиссияның 25 жылдығымен құттықтады.

Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды. Ұлттық комиссияның сарапшылары заңдарды және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысып, маңызды әлеуметтік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда. Кейінгі кезде елімізде әйелдер үшін тыйым салынған мамандықтар тізімі жойылды, сайлау квоталары енгізілді, ішкі істер органдары жүйесінде әйел құқықтарын қорғау жөніндегі арнаулы бөлімдер құрылды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз, – делінген Президенттің құттықтау сөзде.

Форумға қатысушылар отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалар құқықтары және басқа да көптеген аспектілерге қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға