Жаңалықтар

Президент «Қазақфильм» төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады

Президент «Қазақфильм» төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады
Фото: Akorda.kz 18.08.2023 20:01 908

Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын  дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Сатыбалды Президентке «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақфильмде» заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті. 

Сондай-ақ ол кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды.

Тоқаев кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі  айрықша бақылауда болатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға