Жаңалықтар

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді
Фото: Ақорда 25.01.2023 18:50 1451

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға