Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
27.11.2022 22:43
Фото:
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеудегі «Внуково-2» әуежайында Ресей тарапы қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

