Президент: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны
19.04.2023 11:31
Фото:
ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте шаруаларға субсидия беру мәселесі де қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президенттің айтуынша, 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген қаржының тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген.
Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр, - деді Президент.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

