Президент Өзбекстан өнеркәсіп тауарларының көрмесін аралады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
05.04.2024 19:20
688
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павильондарда арнаулы техника, электр техникалық жабдықтар үлгілері, бау-бақша шаруашылығының селекциялық жетістіктері, тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, жібек, тері және зергерлік бұйымдар көрмеге қойылған.
Ақорда
Президенттер шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары Арал теңізінің табанына сексеуіл егіп, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлескен күш-жігер жұмсау қажет екеніне назар аударды.
Ақорда
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құлсарыда су тасқынына байланысты 130 адам эвакуацияланды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды