Жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілер мен полицияны құттықтады

Президент мемлекеттік қызметшілер мен полицияны құттықтады
Фото: Akorda.kz 23.06.2023 09:15 961

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметші күніне және Полиция күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін, – деп жазды Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға