Жаңалықтар

Президент мектепте хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

Президент мектепте хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды
Фото: t.me/aqorda_resmi 05.10.2023 12:43 12590

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде мектепте хиджаб кию мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан - Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп - ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным - әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек, - деді Президент.

Оның айтуынша, жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды.

Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл - салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз, - деді Президент. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға