Жаңалықтар

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Фото: akorda.kz 04.03.2024 16:17 598

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған, - делінген хабарламада.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға