Президент күзет қызметінің басшылығына әлем чемпионы тағайындалды
10.02.2024 14:45
Фото:
Akorda.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Роман Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрлікке сілтеме жасап.
Роман Төреханов 2016 жылы бразилиялық джиу-джитсудан 94 келіде әлем чемпионы атанған. Сонымен бірге об абсолютті салмақта да әлем біріншілігінде топ жарған. Бұл уақыттары ол мемлекеттік күзет қызметінде еңбек етіп жүрген еді.
Айта кететін жайт, аталған қызметті осыған дейін Шыңғыс Әрінов атқарып келді. Ол 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

