Президент кубогы: Қазақстандық теннисшілері жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова — Дарья Зелинскаядан басым түсті.
Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытып, 6:1 нәтижесін тіркеген еді. Есесіне екінші сетте Сағындықова — Дмитриченко қарымта қайырып, 6:2 көрсеткішіне қол жеткізді. Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді есеп 10:7.
Енді отандық теннисшілер Аружан Сағындықова — Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова — Сабрина Олимжановамен шеберлік байқаспақ.

