Президент Кремль сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады
08.05.2025 23:02
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген шет мемлекеттердің басшыларымен бірге Үлкен Кремль сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады.
Еске салсақ, бұған дейін біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барғаны туралы жаздық.

