Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
30.04.2024 15:40
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

